Риддерде жылыту маусымы уақтылы басталады

Риддердегі 400-ден аса көпқабатты тұрғын үйдің 90%-ға жуығы жылыту маусымына дайын.

«Әлеуметтік маңызды нысандар да дайын тұр», - дейді мамандар. 

Жылу электр орталығындағы дайындық жұмыстары жақында аяқталады. Станциядағы жөндеуге байланысты қала жазда ыстық судан ажыратылған еді. Жақында желі қайта іске қосылады. Жалпы биыл 19 шақырым жылу құбыры ауыстырылды. Былтыр жылу шығыны байқалған 5 км құбырдың сырты қапталды. Жауаптылардың мәлімдеуінше,температуралық режімге сай басты қазандықтар өз уақытында іске қосылады.

Кирилл Голота, Риддер жылу электр орталығының бас инженері:
- Нөмір үшінші агергатты 20-қыркүйекте қосамыз, сөйтіп қалаға ыстық су беріледі. Ары қарай көп ұзамай жылу маусымына да кірісеміз. Ол енді температуралық режімге байланысты, нақты кестеге сай жүргізіледі. Шамамен осы айдың соңына қарай басталуы мүмкін.