Астанада субұрқақ құрылысында 1 млрд теңге ұрланды
Астанада субұрқақ құрылысы кезінде 1 млрд теңге қаржы заңсыз жұмсалған.
Істі қаржылық мониторинг агенттігі анықтады. 2016 жылғы Астана күніне арналған субұрқақ жобалық құжаттамасыз және мемлекеттік сараптамадан өтпей салынған. Құрылыс барысында техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін сапасыз материалдар қолданылған. Нәтижесінде аталған нысан 2017 жылдан бастап жұмыс істемей, қазіргі таңда апатты жағдайда тұр. Күдікті Астана қаласының «Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.