Бектенов TSC Global / GK Hyperscale басшылығымен цифрлық саладағы мәселелерді талқылады
Цифрлық инфрақұрылымды дамыту және озық технологиялар трансферті саласындағы инвестициялық ынтымақтастық.
Бұл мәселелерді бүгін премьер-министр Олжас Бектенов TSC Global / GK Hyperscale басшылығымен кездесу барысында талқылады. Әңгімелесу барысында Үкімет басшысы Майкл Дикерсон және Дэниел Дикерсонмен цифрлық саладағы ынтымақтастық перспективаларын саралады. Сонымен қатар IT қызметтер экспортын арттыру тәсілдері қаралды. Жалпы компания басшылығы жоғары білікті мамандарға арналған 300-ден астам жұмыс орнын ашуды көздейтін жобаға қызығушылық танытты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар нәтижелі ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.