Ұлытауда АЭС құрылысы бойынша халықтық штаб жұмысын бастады

Ұлытауда АЭС құрылысын қолдау жөніндегі халықтық штаб жұмысын бастады, деп хабарлайды 24kz.

Оның өкілдері алдағы 1 ай ішінде 120 дан астам кездесу өткізеді. Өңірдегі ірі кәсіпорын, мекемелерге барып, көпшілікті толғандырған сұрақтарға жауап береді. Қазақстанда атом энергиясын өндірудің артықшылықтарын түсіндіреді. 65 адамнан тұратын штаб құрамында саяси партиялар мен қоғамдық ұйым өкілдері мен энергетика саласының мамандары бар.

Ержан ТоқымбаеВ, АЭС салуды қолдау жөніндегі облыстық халықтық штаб мүшесі:

- Әр мекемелерде кестелер жасалып, бүгінгі таңда біраз жұмыстар атқарылды. Көзқарасымыз өзімізге мәлім. Еліміздің дамуы, өркендеуіне, өсуіне бізге қазіргі таңда энергия көздері өте қажет. Ол тегіннен жай салына салмайды. Елімізде үлкен институттар жұмыс істейді. Лабораториялар ашылады. Жас мамандар дайындалады. Сондықтан бұл енді болашақта бізге ешқандай қауіп түсірмейді деп ойлаймыз.