СҚО-да диқандар 1 млн тонна астықты қамбаға құйды
Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны қайта қарқын алды.
Бірнеше күнге жалғасқан жауын басылып, диқандардың егіс басындағы жұмысы ширай түсті. Әзірге егіннің бестен бір бөлігі орылды. Қамбаға 1 млн тоннадан астам астық құйылды. Жалпы биыл өңір диқандары 4,4 млн гектар аумаққа дәнді дақыл мен көкөніс еккен. Оның 3 млн гектардан астамына бидай себілген. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаевтың айтуынша, астықтың шығымы тәуір, әр гектардан 17 центнерден өнім алынып жатыр.
Мейрам Меңдібаев, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
- Элеваторларға түсіп жатқан бидайды кептіру жалғасуда. Оған мемлекет 20 мың тоннадай дизельдік жанармай берді. Төмен бағасымен 1 литрі - 250 теңге. Оған қоса біздің элеваторлар, хпп-лар бар. 46 элеваторымыз, 332 хпп бар. Нан қабылдау пункті. Соған да сұйытылған газ беріліп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттен төмен бағасымен мың тонна берілді.