Кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық жасағандарға жаза күшейтіледі

primeminister.kz

Зорлық-зомыбылық жасағандарға жаза күшейтіледі.

Енді кәмелетке толмағандардың құқығын бұзып, қорлағандар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Бұған дейін жасөспірімдерге зиян келтірген қаскөйлер 20 жылға сотталатын.

Жыныстық зорлық-зомбылық және суицидті насихаттағандар  үшін де қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Қорқыту, буллинг пен кибербуллингтің құрбаны болған жастарды анықтап, оларға көмек көрсету әдістемесі әзірленді. Биыл бала тәрбиесі бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін 84 мың ата-ана жауапкершілікке тартылған. 

Жалпы, соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасындағы қылмыс өткен жылмен салыстырғанда 30%-ке, биыл 5%-ке төмендеді.