СҚО-да АЭС құрылысы бойынша Халықтық штаб жұмысын бастады

Солтүстік Қазақстан облысында Халықтық штаб атом электр стансысын салу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды 24KZ.

Депутаттар, қоғам қайраткерлері мен энергетика саласының мамандарынан құралған штабқа 80-ге жуық адам мүше болды. Олар өндіріс орындарына, мекемелерге барып, көпшілікті толғандырған сұрақтарға жауап береді. Атом электр стансысының маңызын айтып түсіндіреді. Қаладағы коммуналдық мекемелердің біріне барған штаб мүшесі Владимир Витченконың айтуынша, тұрғындарды АЭС қауіпсіздігі мен оның экологиялық тазалығы алаңдатады.

Владимир Витченко, облыстық Халықтық штаб мүшесі:

- Тұрғындар алдымен экология мәселесін қозғайды. Шын мәнінде, атом электр стансысы экологиялық жағынан әлдеқайда таза. Жылу электр стансысы атом электр стансысына қарағанда зиянды қалдықты көп шығарады. Ал екінші мәселе – қауіпсіздік. Атом электр стансысы салынатын болса, онда сейсмикалық қауіпсіз аймақта бой көтереді.