KazHackStan конференциясында киберқауіпсіздік мәселелері қаралды

Қазақстандықтар ақпараттық қауіпсіздікке ден қоя бастады.

Ғаламтор  қолданушылардың 40%-і жеке ақпаратты жария дереккөздерде бөліспейді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық электр байланысы одағы жүргізген сауалнама нәтижесі осындай. Кибершабуыл және оған төтеп беру тақырыбы KazHackStan халықаралық конференциясында талқыланды.  Жиынға 500-ден астам IT-маман қатысты. 3 күн бойы өтетін іс-шарада панельдік сессиялар жоспарланған. Пікірталас алаңында түркі мемлекеттері  ұйымының киберқауіпсіздігін қамтамасыз ететін орталық құру мәселесі қаралады. Сондай-ақ білікті хакерлер ақпараттық жүйелерді бұзу және қорғау әдістерін көрсетеді.

Александр Пушкин, киберқауіпсіздік маманы:

- Өткен айда біз ақпараттық қауіпсіздік жөнінде деректерді жарияладық. Жалған боттардан 3,5 милионнан астам шабуыл жасалғаны анықталды. Яғни, олар автоматтық жүйеде үкіметтік, өндірістік, медициналық және тағы басқа сервистік жүйелерді бұзғылары келді.