Ақтөбеде ардагерлер кеңесінің мүшелері АЭС салуға қатысты пікір білдірді

Елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін жобаны кейінге қалдырмай, жақын уақытта қолға алу қажет.

Ақтөбе қаласы ардагерлер кеңесінің мүшелері атом электр стансысын салуға қатысты осындай пікір білдірді. Себебі техникалық және өндірістік өркендеу заманында энергия көздеріне сұраныс артып келеді. Физика-математика ғылымдарының докторы Жайшылық Сартабанов ядролық атом электр стансысы отандық ғылымның дамуына зор үлес қосады деп есептейді.

Жайшылық Сартабанов, физика-математика ғылымдарының докторы:

- Қазір біліктілік заманы. Оның ішінде ғылыми-техникалық, инженерлік біліктілік. Осы жағын бізге дамыту керек. Өзіміздің индустриямыз болуы керек. Өзіміздің мамандар болуы керек. Жұрттың мамандарымен бәсекелестікке түсе алатын мамандар болуы керек. Даму керек. Мінекей, атом стансысы соның бір мысалы болып есептеледі.