Атыраулық жастар АЭС салу мәселесін талқылады
Энергия қуаты тапшы уақытта, ешкімге тәуелді болмау маңызды. «Бейбіт атом үшін» акциясы аясында өткен жиында атыраулық жастар осындай пікір білдірді.
Студенттер Альянсы ұйымдастырған басқосуда атом энергетикасының маңызы мен артықшылықтары талқыланып, атом электр стансысының тұрақты даму мен экономикаға тигізер пайдасы туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ экология және қауіпсіздік мәселесі де көтерілді. Атыраулық жастар 6 қазанда өтетін республикалық референдумнан қалмай, дауыс беретінін айтады.
Альбина Әділова, Атырау студенттер Альянсының төрағасы:
- Заман талабына сай белгілі бір сапалы дүниенің өндірісте болғанын қалаймыз және соны талап етеміз. Сол себепті 6 қазан республикалық референдумда біздің болашағымыз үшін нақты әрі сапалы шешім қабылданады деп сенеміз. Біздің елімізге қажетті нәрсе – ол энергия көзі. Атом электр стансы – энергия көзін өндіретін ең жоғары мүмкіндік.