Жетісу облысының ауыл тұрғындары АЭС құрылысы жөнінде пікір алмасты

Атом электр стансысын салу мәселесі шалғай ауылдарда да талқыланып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Жетісу облысының Ақсу ауданында аталған жобаға қатысты жиын өтті. Оған Ілияс Жансүгіров ауылының тұрғындары мен белсенділері, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Олар стратегиялық нысан жайлы өзара пікір алмасты. Станцияның ел экономикасына тигізер пайдасы жөнінде пікір алмасып, алдағы референдумға барынша атсалысатындарын жеткізді.