Қазақстан десантшылары «Өзара іс-қимыл» оқу-жаттығуын сәтті аяқтады
Қырғыз Республикасында қазақстандық әскерилердің қатысуымен «Өзара іс-қимыл» командалық-штабтық оқу-жаттығуы аяқталды, деп хабарлайды 24KZ.
Бірлескен шараға 1500-ге жуық сарбаз қатысып, 300-ге жуық қару-жарақ, әскери және арнайы техника жұмылдырылды. Оқу-жаттығуды ҚР Қарулы Күштері десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Алмаз Жұмакеев бақылауда ұстады. Оның айтуынша, шарада әскерилер ұлттық қауіпсіздікке төнген қатердің алдын алу дайындығының жоғары екенін көрсетті.
Алмас Емберген, майор:
- Ұжымдық қауіпсіздік өзара ұйымдастыру іс-шарасы бойынша Қырғыз Республикасында өтіп жатқан, нақты айта келсек, бізде «Өзара-2024» оқу-жаттығуына Қазақстан Республикасының десанттық шабуылдаушы әскерінің барлау тобы қатысып, өз маманының жоғары деңгейде дайындығын, тәжірибесін көрсетіп, алдыңғы қатарлардан орын алды. Үлкен тәжірибе алдық.
Олжас Әбдіқадыр, аға сержант:
- Осы оқу-жаттығуда рота жеке құрамы жаудың күшін жойып және де басқа елдермен тәжірибе алмасып, десанттық шабуылдаушы әскерлердің қолбасшысы тапсырмасын орындауға міндетті бұлжытпай орындадық.