Қостанайда жылу тарифі өседі

Биыл Қостанайдағы жылу желілері 3 пайызға жаңарды.

Бұған негізгі және қосымша қазандықтар мен жылу желілерін жаңғырту аясында қол жеткен. Қалпына келтіру жұмыстарына шамамен 5 миллиард теңге жұмсалды. Қазір қаладағы жылу желілерінің 60 пайызы тозған. Облыс орталығында жылу айдың соңында немесе қазанның басында беріледі. Оған дейін барлық магистральдің құрылыс жұмыстары аяқталуға тиіс. Жаңа жылу маусымында тариф өседі. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының басшысы Азамат Бегалин осылай деп мәлімдеді.  

Азамат Бегалин, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:
-
1 шілдеден бастап жылу энергиясын өндіруге арналған тауарлық газдың бағасы қайта қаралды. Қазір ол 11,4 пайызға өсті. Жылу бағасы газ құнына тікелей байланысты ғой. Бұл мәжбүрлі шара болып тұр. Сондықтан қала тұрғындарына түсіністікпен қарауды сұраймыз.