Семейдегі көпқабатты үйлер жылу маусымына дайын

Семейдегі көпқабатты үйлердің 95 пайызы жылу маусымына дайын.

Бұл туралы қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мекемесі мәлімдеді.

Құжат тапсырмаған ғимарат иелері санаулы ғана. Ал аурухана мен мектеп секілді әлеуметтік нысандардың бәрі қыс мезгіліне әзір тұр.

Семейдегі көпқабатты үйлердің бәрі жылыту маусымына дайындықты толық аяқтады. Мысалы Дулатов атындағы көшендегі мына баспананың құбырлары жоғары қысыммен тамыз айында тексерілді.

Гүлнәр Біләлова, Мүлік иелері бірлестігінің төрағасы:
-
Біздің бірлестіктің құрылғанына 3 жыл өтті. Бұған дейін қызмет көрсеткен серіктестік тарапынан ешқандай жұмыс атқарылмай, үйдің коммуналдық желілері апатты күйде болған. Бәрін ретке келтіріп, жылыту жүйесін тексеріп алдық. Жылыту маусымына дайынбыз.

Үйлердің дайындығын тұрғын үй инспекциясы қадағалайды. Бірақ көпқабатты баспаналардағы коммуналдық желілердің дер кезінде жөнделіп, ақаусыз қызмет етуіне тұрғындардың өздері жауапты. Пәтер иелері бірлестіктері жылыту маусымына әзірлік туралы құжатты 20 қыркүйекке дейін тапсыруы тиіс.

Диана Шаяхметова, қалалық Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы:
- П
әтер иелері арнайы шотқа қаржы жинап, жаз мезгілінде жөндеу жұмыстарын жүргізуі тиіс. Қазір көпқабатты үйлердің 95 пайызы жылыту маусымына дайын. Апатты үйлер мен ескі желілілерді жоғары қысыммен тексеру кезінде құбырлар жарылды. Бірақ олар пәтер иелері бірлестіктері төрағалары қол ұшын созып, дер кезінде жөнделді.

Биыл өңірдегі 29 шақырым жылу желісі мен 17 қазандық жөнделді. Облыс бойынша құны 18,5 млрд теңге болатын 28 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Алтынбек Әділбеков, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:
-
Жөндеу жұмыстарының қорытындысы бойынша ескірген жылыту желілері 64 пайыздан 59 пайызға дейін қысқарады. Өңірде мың жарымнан астам көппәтерлі баспана орталық жылыту жүйесіне қосылған. Қазір бәрінде қысқа дайындық жұмыстары пысықталып жатыр. 

Жылыту мауысымына қажетті отынды жеткізу жоспары да жасақталды. Құзырлы органдардың есебіне сай өңірге 1 млн 200 мың тонна көмір қажет.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Әсем Өтешева, Берік Жобалайұлы