АЭС бойынша референдумға қатысты заңсыз сауалнама жүргізгендер айыппұл арқалады
Атом электр станциясын салу бойынша референдумға қатысты мәселені қоғамдық пікірге салған 8 азамат анықталды.
6 жеке және 2 заңды тұлға Орталық комиссияны хабардар етпей, пікір алмасуды өз бетінше жүргізген. Нәтижесінде 6 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынды. Ал қалғандарын жауаптылыққа тарту жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл тұста Бас прокуратура өкілдері «Республикалық референдум туралы» заңнаманы еске салып, оған қайшы келетін әрекет жасағандарға қатысты жауапкершілік барын айтады. Сондай-ақ мамандар 6 қазанда болатын референдумның үгіт-насихат кезеңі 4 қазанға дейін жалғасатынын еске салады. Ал 5-сі мен 6-сы күндері үгіт жүргізуге тыйым салынады.