Ақмола облысында бюджет қаржысын жымқырған бухгалтер сотталды

Ақмола облысында бюджет қаржысын жымқырған білім мекемесінің бухгалтері сотталды.

Целиноград ауданының прокуратурасы тексеріс жүргізіп, 5,8 млн теңгенің ұрланғанын анықтаған. "Бухгалтер өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жалған құжаттар жасаған және ақшалай қаражатты негізсіз есептеген және деректергі жасырған", – дейді мамандар. Кейін ол сот үкімімен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеуге үкімі шығарылды. Залал сомасы мемлекет бюджетіне қайтарылды.