Интернет алаяқтардың 4 call-орталығы жойылды

Полицейлер Алматы қаласында алаяқтардың 4 call-орталығын анықтап, олардың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды 24kz.

Киберқылмысқа қарсы күрес қызметкерлері әккілердің Иран, Үндістан, Қытай, АҚШ және Малайзия азаматтарына қоңырау шалып, оларға жалған инвестициялық мәмілелер жасауды ұсынғанын анықтады. Күдіктілер қатарында 47 шетел азаматы мен 5 отандасымыз бар. Олар 2 мыңнан астам қоңырау шалған. Тінту барысында 1,5 мыңнан астам телефон, 57 ноутбук пен компьютер, мыңнан астам sim-карта тәркіленді. Қазіргі уақытта ұсталғандардың қазақстандықтарға қатысты интернет-алаяқтық жасауға қатысы бар-жоғы тексеріліп, тергеу амалдары жалғасып жатыр.