Астанада волонтер жастар 100 келіден астам бауырсақ таратты

«Астана жастары» еріктілері бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын тамашалауға келген шетелдіктерге бауырсақты дайындау тәсілін үйретті, деп хабарлайды 24KZ.

Сырттан көрермен болып келген көп мейман ұлттық тағамнан алғаш рет дәм татты. Қалың қауым шат-шадыман болып тарқасты. «Мұндай іс-шаралар елдер арасындағы мәдени байланысты нығайтады», – дейді ұйымдастырушылар.

Қорлан Омарова, волонтер:

- Біз шетелден келген қонақтарға сый-сияпатымызды көрсетіп, қазақтың ұлттық тағамын, яғни бауырсағымызды таратқан едік. Одан бөлек, басқа да сый-сияпат үлгілері таратылды. Бұл – біздің шоколад. Қазақстан туымызбен бірге әдемі жарасты. Шетелдік қонақтарға әдемі эмоция сыйладық.