Алатау қаласын дамыту жөніндегі жобалық кеңсе құрылады

Үкімет жанынан Алатау қаласын дамыту жөніндегі жобалық кеңсе құрылады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласын дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңесте мәлімдеді.

Оның сөзінше, кеңсе шаһардың өмір-тынысы мен жұмыс үшін инвестицияларды тартуға жағдай жасау бойынша мәселелерді жүйелі негізде шешеді. Маңызды басқосуда Алатаудың Бас жоспары бекітіліп, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық органдары құрылды. Шаһар құрамына шағынаудандарға айналған 12 елді мекен кірді. Қаланың жалпы ауданы 88 мың гектарды құрайды, халқы 54 мыңға жуық.