АЭС: Халықтық штаб Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті
Елде АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың мүшелері Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды 24KZ.
Қоғамдық талқылауларға 700-ден астам адам атсалысты. Олардың қатарында экологтар, зиялы қауым өкілдері, жас белсенділер мен еңбек ұжымдары бар. Штаб мүшелері бастаманың маңыздылығын айтып, осы ірі жобаны іске асыру арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашылатынын түсіндірді. Сарапшылар АЭС құрылысы елдің энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, электр энергиясы тарифтерінің өсуін тежеуге де ықпал ететінін атап өтті. Зиялы қауым АЭС құрылысының пайдасы туралы дәлелдерді қолдап, оның қоғамдық пікірге ықпалының маңызды екенін атап өтті.