Катардан келген қонақ

Бүгін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәресіне жетеді.

Аспан астында ат ойнатып, желмен жарысқан жүйріктер, көкпар тартып, теңге ілген шабандоздар, құралайды көзге атқан мергендерді, даланың сән-салтанатын одан қалды қазақ дейтін елдің дархан көңілін көрген туристер ақ жарма тілегін төгіп жатыр. Солардың бірі Көшпенділер ойындарына арнайы келген қатарлық Ахмед Кан. Ол интернеттен Қазақстанда көшпенділер ойындары өтетінін біліп, арнайы билет сатып алған. Қазақ даласына табан тіреген қатарлық мейман елдің салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына таңдай қағады. 

Ахмад Кан, турист:
- Бұрын соңды көшпенділер ойынын естіген емеспін. Өзім ел аралап қыдырғанды ұнатамын. Интернеттен Қазақстанда ойын өтеді дегенді естіп,  арнайы билет сатып алдым.  Көшпенділер ойынын көріп, таң қалып тұрмын. Ерекше сезімде болдым. Қазақ деген ел бар екенін білдім. Алғаш келіп тұрғандықтан таңданысымды жасыра алмай тұрмын.