Рудныйда заңсыз майнингпен айналысқандар анықталды

Рудныйда заңсыз майнингпен айналысқан бірқатар адам анықталды, деп хабарлайды 24kz.

Олар 27 орта мектеп немесе 13 аурухана тұтынатын электр қуатын шығындаған. Бұл жергілікті электр желілеріне орасан салмақ түсірген. Тінту нәтижесінде 150-ге жуық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешені, оларды салқындатуға арналған құрылғылар, Wi-Fi роутерлер, ұялы телефондар мен ноутбуктер тәркіленді. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәлімдеуінше, заңсыз қызметтен түскен қаржының жалпы айналымы 100 млн теңгеден асады. Биыл цифрлық активтердің заңсыз айналымы саласында 7 үкім шығарылып, құны 1,2 млрд теңгеден асатын мүлік тәркіленді.

Көркем Бектасова, ҚР ҚМА аға жедел уәкілі:

- Агенттіктің цифрлық активтермен айналысатын арнайы бөлімшесі заңсыз өндірілген «Bitcoin» түскен криптобиржадағы аккаунтарды анықтады. Соттың санкциясымен күдіктінің мүлкіне және криптовалюта аккаунтында сақталған заңсыз өндірілген цифрлық активтеріне тыйым салынды.