Депутаттар: Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға электр энергиясы тапшы
Елімізде электр энергиясы тапшылығы салдарынан бірқатар инвестициялық жоба тоқтап тұр, деп хабарлайды 24kz.
АЭС салуды қолдау жөніндегі штаб мүшелері Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесуде жобаның мән-маңызын түсіндірді. Мәжіліс депутаттары Азат Перуашев, Таңсәуле Серіков және Бауыржан Смағұлов Теміртау қаласы мен Бұқар жырау ауданына барды. Олар жұртшылыққа Президент Жолдауының негізгі бағыттары мен алдағы референдум жайлы түсіндірді.
Азат ПеруашеВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Еліміз электр қуаты тапшылығын сезініп, оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр болып отыр. Инвестициялық жобалар тоқтап тұр. Бұл мәселе ертерек шешілуі керек еді. Дамыған елдер бұл тұста АЭС жобасына басымдық берген.