Елімізде ерекше балаларға инватакси жетіспейді

Оқу жылы басталғалы инватакси қызметіне сұраныс артты, деп хабарлайды 24kz.

Мүгедектігі бар балалардың ата-аналары арнайы көлік жетіспейтінін айтып, дабыл қағуда. Call-орталыққа хабарласу мүмкін емес, ал жаңа талаптар жағдайды тіпті ушықтырып отыр. Елордада ай сайын мүгедектігі бар 1100-ден астам бала инватакси қызметін пайдаланады. Оның ішінде арбамен қозғалатын 70-ке жуық бала бар.

Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:

- Майра Омарова – ерекше баланы тәрбилеп отырған көпбалалы, жалғысбасты ана. Кенжесі Асхат Даун синдромына шалдыққан. Ерекше баланың күтімі де ерекше. Балабақша мен қосымша сабақтарға баруға инватаксиді пайдаланады. «Бірақ көлікке кезекке тұру азапқа айналды», - дейді майра омарова.

Майра Омарова, ерекше баланы тәрбилеп отырған көпбалалы ана:

- Инватаксидің мәселесі, звондасақ алмайды. Кей кезде орын жоқ, уақыты дұрыс келмейді. Біз 3 заявкадан көп ала алмаймыз. Неге десеңіз, аптасына үш рет боксқа және балабақшаға барамыз. Сосын бізге негізі попутчик болады. Попутчик деген бізге керек емес. өзі төрт орындық машина, әртүрлі диагнозбен попутчик міндеті. Мысалы, менің балам бұл балаға аутизм балаларды қосады. Ол аутист балалар кейде айқайлады. Ол айқайдан бұл бала қорқады.

Ал бұл осындай инватакси қызметінің орталығы. Мұнда теміртұлпар тапшылығы жайлы жақсы біледі. Бірақ бұдан артық бере алмаймыз дейді. Оқу жылы басталғанда инватаксиге сұраныс тіптем артады. Күнделікті колл орталыққа мыңдаған қоңырау түседі.

Ботагөз Жүсіпова, қалалық мүгедек балалар қоғамы, инватакси қызметінің меңгерушісі:

- Қазір бізде 71 көлік бар. Күніне 1000-нан астам өтінім түседі. Оған қоса, оқушыларға арналған бөлек желі жұмыс істейді. Ережеге сай оларға бірінші кезекте қызмет көрсетіледі. 2022 жылы 29 көлікпен инватакси қызметін бастадық. Екі жылда көлік саны екі есе өсті. Бірақ сұраныс та артып, күніне 5-10 жаңа бала қосылады. Сондықтан бәріне бірдей жетпейді.

Жаңа талаптарға сай енді көлікте мүгедектігі бар баланың жанында қараушысы болуы шарт. Бұл ерекше баланың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін жасалып отыр дейді басқарма өкілі. Өзгеріс нәтижесінде инватакси қызметіне сұраныс тіптем артады. 

Айнұр Әубәкірова, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы:

- Астана қаласында 147 инватакси автокөліктері жүруде. Оның ішінде 26 мамандандырылған автокөліктер. Қалған 21 автокөлік, жеңіл автокөлік болып табылады. Кейбір балалардың жүріп-тұруы ақыл есіне байланысты, қозғалуына байланысты ата-аналардың қасында болып, балалардың комфорты үшін сұраймыз. Сол себепті бір көлікке төрт баладан емес, екі бала ата-анасымен ғана сыяды. Сол себептен автокөлік саны аздау болып тұр.

Арбадағы балалардың да жайы осы. Арнайы көліктің жетіспеуінен олардың басым бөлігі діттеген жеріне жете алмай қалады. Ерекше бала тәбиелеп отырғандардың бірі – Гүлзия Кашкова. Оның қызы Аяулым сал ауруына шалдыққан.

Гүлзия Кашкова, ерекше баланың анасы:

- Күнделікті келеміз. Инватакси өте қажет бізге. Мен баламды мектепке апарамын мысалы. Бочаға апарамын. Үйірмелерге апарамын. Бізге өте қажет. Жасы 17 жаста болғандықтан, мен оны көтере алмаймын. Балам ДЦП гипертонический. Қазір жетіспей жатыр ғой инватакси. Осындай көліктер көп болса екен деймін, балалар көп осындай арбадағы балалар.

Астананың өзінде мүгедектігі бар 10 мыңнан астам бала бар. Солардың 250-і арбаға таңылған. Демек, арнайы көлікке ғана отыра алады.

Ділназ Елеусізова, инватакси жобасының үйлестірушісі:

- Базада 250-ден аса бала бар. Оның барлығы коляскадағы балалар. Күніне шамамен 30-40 баланы қамтамасыз етеміз машинамен. Қалғандары үлгермей жатады хабарласуға. Желі бос емес, сол себепті көбісі үлгермей қалады хабарласуға. Оның ішінде мектепке баратын балалар бар, спортпен айналысатын балалар бар және реабилитацияға баратын балалар бар. Сегіз машина біздегі 250 баланы камтамасыз етуге үлгермейді күніне.

Осы мәселені реттеу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Көлік министрлігі инватакси қолданушыларының ережесіне өзгерістер енгізіп отыр. Ол инватакси бар таксопарктер санын арттыруға бағытталады. Осылайша мүгедектігі бар жандарда таңдау көбейеді.

Айнұр Аубакирова, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы:

- Алдыңғы жылы инватакси алу механизмі өзгереді. Яғни, бұлар площадкалар арқылы, әр қызмет алушы порталға кіріп, өзі ұнаған таксопаркты таңдай алады. Қазіргі таңда әлеуметтік тапсырыс арқылы тек қана бір лот бойынша бір қызмет берушімен договор жасасақ, алдағы уақытта қызмет алушы бір ғана қызмет берушіден емес, бірнеше қызмет беруші арасынан таңдап, қызмет алуға болады. Бұл жағдайда көлік саны көтеріледі. Ата-аналарда айына нақты қанша поездка бар екені белгілі болады.

Айта кетейік, былтыр да осыған ұқсас жоба іске қосылған. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инватакси қызметтеріне басқа такси агрегаторлары тартылды. Нәтижесінде осы қызметті пайданушылар саны екі есе артты. Осы жылдың 8 айында Алматы мен Астанада инватакси қызметін 114 мыңнан рет пайдаланған.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Наурызбай Құрманғазы