Е.Жаңбыршин: Инватакси қызметін өзге қалалардан келгендерге де қолжетімді ету керек

«Инватакси қызметін тек жергілікті тұрғындардың ғана қолдана алуы дұрыс емес. Қызметтің бұл түрі өзге қаладан келген мүмкіндігі шектеулі жандарды да қамтуы керек», - дейді Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин.

Оның айтуынша, бір Маңғыстау облысының өзінен елордаға жылына 3 мыңға жуық азамат ем-дом қабылдауға келеді. Алайда жүріп-тұруы қиын адамға діттеген жеріне жету мұң болып тұр. Өкінішке қарай, әлеуметтік такси бүгінде тек тұрғылықты мекенжай бойынша қызмет көрсетеді. Оның өзінде біраз қалада жүктеме кестесі тығыз.

«Осыған байланысты бұл мәселе күн тәртібінде тұрған өзекті түйткіл», - дейді мәжілісмен.