Шымкентте жыл соңына дейін 66 тұрғын үй салынады

Шымкент қаласында жыл соңына дейін 66 тұрғын үй салынып, 2 мыңнан астам адам баспаналы болады, деп хабарлайды 24kz.

Қазір құрылыс алаңдарында жұмыс қызу жүріп жатыр. Премьер-министр Олжас Бектенов бүгін Шымкент қаласында болып, шаһардың бас жоспарының орындалу барысымен танысты. Қазір тұрғын аудандарда жайлы мектептер, емханалар, заманауи спорт кешендері мен Оқушылар сарайының құрылысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ұзындығы 28 шақырымнан асатын «Қорғас – Алматы – Шымкент – Өзбекстан Республикасы шекарасы» автожолын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.

Ердәулет Әжібаев, Шымкент қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазір ауласын абаттандыру жұмыстары және сыртқы магистральді инженерлік жүйелермен қамтасыз ету жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар 17,2 гектар жер теліміне 800 ге жуық машинаға орын қарастырылған. Және ортада алея қарастырылып отыр.