Елімізде тұрғын үй беру процесін реттейтін заң жобасы жетілдіріледі

Парламент Сенатында тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша жаңа заң жобасы қаралып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Онда халықтың әлеуметтік осал топтарына жалға берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру бөлігіне түзетулер енгізу қолдау тапты.

Атап өту керек, елімізде халықты баспанамен қамтуда бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Олардың қатарында пәтер кезегінде тұрған мұқтаж азаматтарға жалдау ақысын субсидиялау, тұрғын үй сертификаттарын беру, жеңілдікпен кредит немесе займдар беру сынды шаралар бар. Мәселен соңғы 2 жылда он мыңға жуық азаматтың 50%-тік арендалық төлемі субсидияланды. Өткен жылдың қортындысы бойынша 2,5 млрд теңге болатын екі мыңнан астам тұрғын үй сертификаты берілді. Ал заң жобасы осы жалға алынған үйлерді жекешелендіруге мүмкіндік береді.

Әзімбек Пазылбекұлы, Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары:

- Бұл заң қабылданғаннан кейін барлық арендалық, сатып алу құқығынсыз алынған арендалық үйлер азаматтардың жекеменшігіне өткізуге құқықтары болады. Ал шамасы келмей ол арендада тұра беретін азаматтарға да ондай шектеу жоқ. Сатып алу болмаса, сатып алмай сонда тұра беру де өздерінің құқында болады. Бұл мәселе қазір Сенатта қаралуда.