Алматыда «Отандастар» бизнес форумы өтті
Іс-шараны Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» ұйымдастырды, деп хабарлайды 24kz.
Мақсат – шетелдегі этникалық қазақтар мен отандастарды Қазақстанның экономикалық дамуына белсенді тарту және олармен тығыз қарым-қатынас орнату. Инвестициялық жобаларды қарастырып, шетелдік кәсіпкерлерге заңнамалық қолдау көрсету. Форумға 12 елден келген 200-ге жуық іскер азамат қатысты. Түрлі салада еңбек ететін кәсіпкерлер қандастардың сәтті бизнес бастамаларын, елімізде дамытуға болатын жаға бағыттарды талқылады. «Форум өзара тәжірибе алмасып, іскерлік байланысты күшейтуге мүмкіндік береді», - дейді делегаттар.
Талант Байдолда, кәсіпкер:
- Тоғыз мемлекеттің архитектура-сәулет саласын білейін деп келдім. Оларда қандай жоба асырып жатыр. Олардың архитетурасын салыстыру мәселесі бойынша зерттеуге келіп отырмын.