АЭС: Алматыда Халықтық штаб әйелдер қанатының белсенділерімен кездесті

АЭС: Алматыда Халықтық штаб әйелдер қанатының белсенділерімен кездесті

Атом электр стансысын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері «AMANAT» партиясы әйелдер қанатының белсенділерімен кездесті, деп хабарлайды 24KZ.

Алматыда Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 200-ден астам қыз-келіншек атом энергетикасының маңыздылығын талқылады. Халықтық штаб мүшелері бейбіт атом жұмысының тиімді тұстарына тоқталып, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Партия nөрағасы Ерлан Қошанов кәсіби мамандардың дәлелді сөздері күмәншіл адамдардың пікірінен басым түссе, атом энергиясына қатысты күмән  сейілетіндігін атап өтті. «Қоғам АЭС құрылысын ой таразысынан өткізіп, дұрыс шешім қабылдауы керек», – деді ол.