Еліміздің транзиттік әлеуетін толық пайдалану керек – сарапшы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында ел экономикасының бірнеше бағытын атап өтті, деп хабарлайды 24kz.
Соның бірі – ауыл шаруашылығын дамыту. Ол үшін жеңілдетілген үкіметтік және қаржылық қолдау тетіктерін жетілдіру керектігін айтты. Одан бөлек, бизнестің экономикадағы үлесін 15%-ке дейін жеткізу керектігі де айтылды. Ал, ел экономикасының дамуында маңызды бір сала – транзиттік әлеуетті арттыру. «Бұл жоғарыда айтылған салалардың дамуына үлес қосады», - дейді Сәтбаев университетінің оқытушылары.
Ермахан Қалмұрзаев, Сәтбаев университетінің аға оқытушысы:
- Еуропада да сондай, 300-400 шақырым жылдамдықпен жүк тасымалдайтын жүк пойыздары іске қосылып жатыр. Ал біздің Қазақстанда 65 шақырым жылдамдық жүк тасымалы. Бұл деген сөз – көршілерден 6-7 есе аз тасымалдаймыз. Сөйтіп отырып біз батыс пен шығыстың әлеуетін қалай пайдаланмыз. Біз тек қана тасымалдың арқасында батыс пен шығыстың ортасында отырып қаншалықты пайда табуымызға болады.