Каспий жағасынан 8 келі есірткі табылды
Күдікті меңзеген орынды кинологтар сүзіп шығып, құмға көмілген 5 полиэтилен орама тапты.
Өңірдегі Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, теңіз арқылы заңсыз есірткі тасымалы биыл алғаш рет тіркелді. Облыс прокуратурасы өткізген жедел алдын алу шарасына шекарашылар да жұмылдырылды.
Алексей Клименко, ҚР ҚМА ЭТД аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі:
- Осы аумақта есірткі заты көмілгені туралы жедел ақпар келіп түсті. Іздестіру шарасы кезінде «Алау» демалыс базасы маңында жерге көмілген пакет табылды. Ішінен кофе қаптамасына оралған есірткі заты шықты. Қоңыр-сарғыш түсіне, өзіне тән иісіне қарап, гашиш деген қорытынды жасалып отыр.