Алматыда спектрометр іске қосылды

Алматы көшелеріне жағалай спектрометр орнатылды.

Бұл құрылғы көліктен шығатын түтіннің зиянын бақылайды.

Түтіндегі көмірқышқыл газын, аммиак, көміртегі және азот оксидін зерделей алады. Мұндай құрылғының әзірге 10-ы орнатылған. Егер нәтиже беріп, тиімділігін көрсетіп жатса, қатары көбейеді. Жалпы, спектрометр жарық сәулелер арқылы өтіп бара жатқан көліктің техникалық жағдайы туралы дерек жинайды. Мұндай технология Париж, Лондон, Берлин сынды Еуропаның ірі мегаполистерінде  жұмыс істеп тұр.

Райымбек Шәріпбаев, қалалық прокуратураның ресми өкілі:
- Жобаның мақсаты – Алматы автопаркінің пайдаланылған газдарының орташа мәнін анықтау және қалалық автөкөліктердің экостандарттарды сақтау болып табылады. Бастама қалалың экологиясын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың бір бөлігі болып табылады.