Қазақстан бітімгерлерінің БҰҰ миссиясына қатысқанына 6 ай толды

Қазақстандық әскери қызметшілер 6 айдан бері Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясына қатысып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

139 отандасымыз Голан жоталарында Фауар базасында қызмет етіп келеді. Олар атысты тоқтату, патрульдеу, жол тосқауылдарын күзету, жарылыс қаупі бар заттарды жою секілді маңызды тапсырмаларды орындап жүр. Бұл туралы ұлттық бітімгерлік контингент командирі подполковник Жігер Айыпов айтып берді. Ол: «Бітімгерлер заманауи қару-жарақ пен әскери техникадан бастап, тыл жабдықтары мен медициналық қолдауға дейін барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген», – деді.

Жігер Айыпов, ұлттық бітімгерлік контингент командирі:

- Біздің бітімгершілік контингент келесі тапсырмаларды орындап жүр. БҰҰ миссияның жауапты аймағында орналасқан базаларындағы жеке құрамды қандайда бір қауіпті жағдайлар болған кезде эвакуациялау және БҰҰ сол базада қандайда бір жарақат алса, соларға бірінші медициналық көмек көрсетіп, сол базалардан медициналық эвакуация жасау.