Сыр диқандары рекордтық өнім жинап жатыр

Ал осы уақта Сыр бойындағы күрішшілердің алды гектарынан 100 центнерге дейін өнім жинап жатыр.

Бұл Таң ауылындағы шаруашылықтың сушылары қол жеткізген табыс. Былтыр осы жерден әр гектарына 70 центнер шамасында сыр маржаны жиналған. Ал биыл орта есеппен 90 центнерден айналады деген болжам бар. Темірбек Жүргенов ауылының диқандары да мол өнім жинағандарын айтады. Егіннің бітік шығуына шетелдік жаңа күріш сұрыптарының егілуі себеп. «Оның үстіне биыл судан да тапшылық болған жоқ», - дейді күрішші Қалдашбай Нұрмаханов.

Қалдашбай Нұрмаханов, күріш алқабының бригадирі:
-
Маршал сортынан гектарына 96 центнерден келдім. Одан кейін орташа өнім 89 центнер. Жалпы бригада бойынша 90 центнерден берсем деп тұрмын. Үштен бірін болдық күріш орағын, ауа райы ашық болып тұрса, қыркүйектің аяғына дейін аяқтасақ деп жоспарлап отырмыз.