Ерекше балалар Алматыда концерт берді

«Жүректен шыққан жылы әуендер».

Осындай атаумен Алматыдағы Жамбыл атындағы филармонияда ерекше балалардың концерті өтті. Бұған дейін олар өздерінің туған қаласы Ақтөбеде көпшілік алдына екі рет шыққан. Бұл жолы алматылықтарға өз өнерлерін паш етті. Осы істің басы-қасында жүрген мамандардың айтуынша,  балаларды инклюзивті оқыту – өзекті мәселенің бірі. Мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында таланттар баршылық. Әсіресе музыка мен қолөнер бұйымдарын жасауға бейім балалар көп. Соларды әр қырынан танытуға жағдай жасау қажет. Ақтөбе облыстық «Ерекше балалар» қоғамдық бірлестігі осы бағытта құрылған. Олар педагог, психолог, логопед және музыка мамандарымен бірге жұмыс істейді. Енді бірлестік қосымша мамандық беруді қарастырып жатыр. Осы жолы Алматыға ата-анасымен 8 бала келді.

Шынар Асқарова, «Ерекше балалар»  ҚБ құрылтайшысы:
- Қаражатын өзіміз көтердік. Ақтөбеде 15 баламен концерт бергенбіз. Кейбірі жолды көтере алмайды, кейбірін алып келмедік. Біз барлық балаларды қарастырдық. 40 шақты баланың ішінен 29-ын алдық. Солардың ішінде талантты балалар бар. Өлең айтатын, тоқитын.