Елде 385 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
Жыл басынан бері елде 385 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Яғни 73 мыңға жуық отбасын қолдау мақсатында бюджеттен 55,9 млрд теңге бөлініп отыр. Атаулы көмек түрі елімізде табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-тен аспайтын азаматтарға беріледі. Сондай-ақ табысы аз отбасылардағы 6 жасқа дейінгі әр балаға ай сайынғы қосымша төлемді қамтиды. Мысалы, 1 қыркүйекте мектеп жасына дейінгі 119 мың балаға 3,7 млрд теңге сомасына қосымша төлем жасалды. Атаулы әлеуметтік көмек аясында жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға грант беру, біліктілік арттыру курстарына жіберу де қарастырылған. Мақсат – ақшалай қолдаумен қатар отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.