Қарызы бар көкшетаулық абоненттер жылудан ажыратылып жатыр
Көкшетау тұрғындары жылуға 127 миллион теңге қарыз, деп хабарлайды 24kz.
Қаланы жылумен қамтитын мекеме мамандары ескертулермен қоса қатаң шара қолдануға мәжбүр. Қарызын бірнеше ай бойы өтемеген абоненттердің ісі сотқа жолданды. Қазір қаланың коммуналдық мекемелері жылу маусымына 95% дайын. Биыл жылу қазандықтарын жаңғыртуға жергілікті қазынадан 1 миллиард 373 миллион теңге бөлінді.
Самат Сматаев, «Көкшетау жылу» филиалының директоры:
- Қазір берешегі қомақты тұрғындарды жылудан ажыратып жатырмыз. Шамамен 15 заңды тұлға мен жеке сектордағы 4 үй жылудан ажыратылды. Сонымен қатар сот арқылы олардың мүліктеріне тыйым салынды.