Елімізде еңбек даулары азаймай тұр
Еңбек дауларына қатысты деректерге үңілсек, соңғы уақытта жұмыс беруші мен жұмысшы арасында кикілжің жиі туындайтын болған, деп хабарлайды 24kz.
Мәселен, елдің Бас прокуратурасы жасаған статистикаға сүйенсек, былтыр құқығын қорғай алмаған жұмысшылар саны 1100 болса, биыл бұл көрсеткіш 2 мыңнан асып жығылған. 2023 жылы еңбек шартынсыз 150 жұмысқа қабылдау жағдайы тіркелсе, биыл олардың саны 347-ге жеткен. Ал уақытылы жалақы төлеуден жалтарғандар саны 900-ден 1625-ке дейін өскен. Бір жыл бұрын артық іске жегілгендер саны 60 болса, биыл 200-ге жуықтаған.