Су тасқыны: Кәсіпкерлерден өтемақыға өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды
Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерден өтемақы алуға өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды 24kz.
Бүгін күшіне енген өзгеріске сай, ауыл шаруашылығы субъектілері осы жылдың 10 желтоқсанына дейін жылжымайтын мүлік бойынша шығындарды өтеуге өтінім бере алады. Бұған дейін бұл мерзім 30 қараша деп белгіленген. Тиісті бұйрыққа Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров қол қойды. Өтініш беру үшін кәсіпкерлер аудан немесе қала әкімдігінен су тасқынынан зардап шеккендерін растайтын анықтама алып, кейін электронды үкімет порталына тіркеу керек.