Астанада жалға берілетін тұрғын үйге өтінімдер қабылдау басталады
Астанада кезекте тұрған азаматтар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге өтінімдер қабылдау жуырда басталады, деп хабарлайды 24kz.
Бағдарлама көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтарына арналған. Елорда әкімдігінің хабарлауынша, құжаттарды қабылдау 23 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Birge.astana.kz. порталы арқылы жүреді. Биыл көпбалалы отбасыларға 223 пәтер, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 154 пәтер, әлеуметтік осал топтарға 458 пәтер беру жоспарланған. Өтінімді тұрғын үй кезегінде тұрған кез келген азамат бере алады. Алайда іріктеу кезінде олардың отбасы құрамы, кезекте тұрған уақыты ескеріледі.