Елордада спорттық жабдықтарды стандарттау мәселесі талқыланды
Спорттық жабдықтарды стандарттау бала өміріне төнетін қауіпті сейілтеді, деп хабарлайды 24kz.
Бүгін елордада осыған байланысты арнайы жиын өтті. Онда жаттығу залдары мен футбол алаңдарындағы спорттық құрылғыларды жалпыға ортақ стандарттау мәселесі талқыланды. Әсіресе, қақпаның пішіні мен көлемін дұрыстау, оған бекітілген бағанасы мен маңдайшасын адам өміріне қауіпсіз етіп құрастыру секілді бірқатар ұсыныстар айтылды. Себебі өткен жылы елде бірнеше бала футбол қақпасының астында қалып, ауыр жарақаттанған. Тіпті қайтыс болғандар да бар.
Асқар Сопбеков, Қазақстан стандарттау және метрология институтының стандарттарды әзірлеу басқармасының басшысы:
- 2021 жылы біз екі стандарт бекіткен болатынбыз. Ұлттық стандарттары ол футбол қақпасы мен мини футбол қақпалары, оған сәйкестік қауіпсіздік талаптары туралы. Қатты қауіп төндіретін футбол қақпаларында, ұшы, яғни, перекладина мен штанганың үшкірлігене де талаптар қойылды. Яғни олар кемінде 3 мм, яғни, үшкір емес, дөңгелек болу керек.
Арман Бақытжанұлы, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры:
- «ҚазСтандарт» өте маңызды сұрақ көтеріп жатыр.Қаншама ФОК салынып жатыр. Онда стандарт дұрыс емес деп ойлаймын. Бетон төсеген кезде үстіне линолеум сияқты төсейді. Ол дұыс емес. Бұрынғы стандартқа қайтару керек. Паркетке қайтару керек.