Атыраулық ғалымдар АЭС салу мәселесін талқылады

Электр қуатының тапшылығын азайту үшін атом электр станциясының маңызы зор. «Жасыл энергетиканы дамытудағы атом технологияларының рөлі» тақырыбында өткен жиында атыраулық ғалымдар осындай пікір білдірді, деп хабарлайды 24kz.

Егер елімізде атом электр станциясы салынса, жылына 20 млн тонна қалдықтың қоршаған ортаға таралуына тосқауыл болады. Сонымен қатар күн мен желден алынатын энергия да тұрақты емес. «Сондықтан атом энергетикасын пайдаланудан бас тартпаған жөн», - дейді сарапшылар.

Махамбет Жексенов, облыстық халықтық штаб мүшесі:

- Жел, күн энергия көздері, жаңартылатын көздер қалай болғанда да, желдің өзі керек уақытта жел тұрмаса, одан энергия алуға мүмкіндік болмай қалады. Күн сәулесі бұлтты күндері шықпай, ол жақтан да. Көмірдің өзіне қазір жаһандық банкілер, шетелдік банктер көмірге инвестиция салмай жатыр. Жаңартылатын энергия түрлерін атом электр станциясымен екеуін қатар біріктіріп отырып дамыту керек деп ойлаймын.