Ел бойынша жылу маусымына 8,2 млн тонна көмір қажет
Ел бойынша алдағы жылу маусымына 8 млн тоннадан астам көмір қажет. Бұл туралы Индустрия және құрылыс министрлігі мәлім етті.
Жауаптылар батыс өңірлерін қоспағанда басқа облыстарға қара алтынның аудай қажет екенін айтып отыр. Ал елімізде бар болғаны жарты млн тоннадан астам көмір қоры бар.