«Майқайыңалтын» компаниясының 6 қызметкері қамауға алынды

«Майқайыңалтын» кен орнындағы апатқа байланысты компанияның 6 қызметкері қамауға алынды.

Бұл туралы Павлодар облысының Полиция департаменті хабарлады. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілерге тау-кен және құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзды деген айып тағылды. 

Естеріңізге сала кетейік, «Майқайыңалтын» кен орнында автобус ескі шахтаға құлап кеткен еді. Салдарынан 4 құтқарушы қаза тапқан.