Семейлік жастар АЭС салу мәселесін талқылады

Абай облысында Халықтық штаб АЭС салу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Депутаттар, қоғам белсенділері мен жергілікті кәсіпкерлерден құралған штабқа 100-ден астам адам мүше болды. Олар бүгін семейлік жастармен кездесіп, толғандырған сұрақтарына жауап берді. Жастарды көбіне АЭС қауіпсіздігі мен оның экологиялық тазалығы алаңдатты.

Жалпы өңірде 9 қыркүйектен бастап 106 кездесу өтіп, 5 мыңнан астам адам ақпарат алды. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары әлі жалғасады.

Данияр Шәкәрімов, облыстық Халықтық штаб мүшесі:

- Бұл біздің болашағымыз болғандықтан, осы АЭС сол жастарымыз үшін салынатынын жатқанын айтқым келеді. Келешекте біздің Қазақстанымыздың дамуы үшін осындай күш-қуат керек екендігін және басқа мемлекеттерден тәуелді болмау үшін.

Әшірбай Бекзат, студент:

- Біз осы АЭС салу мәселесін қолдаймыз. Өйткені бізге экономикалық және экологиялық жағын түсіндірді. Сол үшін біз осыны қолдаймыз. Жастар қолдайды. Алдағы референдумға біз барамыз, өз таңдауымызды жасаймыз.