Атырау облысында тауарлы несие бағдарламасы қолға алынды
Яғни, банктен несие алуға жағдайы жоқ әлеуметтің осал топтарына өңір шаруалары несиеге 990 бас мал береді, деп хабарлайды 24KZ.
Өңірге жұмыс сапарымен барған Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов тауарлық несиенің тиімділігі мен оны іске асыру жүйесін түсіндірді. Бұрын-сонды болмаған бағдарлама мақсаты – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеріп, мал басын көбейту. Бүгінде бұл бастаманы қолдаған отандық фермерлер елдегі аз қамтылған отбасыларға 8880 бас мал таратып үлгерген.
Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі:
- Жағдайы төмен ауылдағы азаматтар. Бұл бағдарлама соларға бағытталған. 2,5%-пен де алуға жағдайлары жоқ. Неге? Кредиттік тарихыңыз дұрыс болмаса бермейді. Екінші олардың үлкен проблемасы – кепіл. Солардың сұрағын шешу үшін ауылдағы бизнесмендерді жинап, тауарлы кредитті ойлап шығардық. Жағдайы жоқ адамдарға кепілсіз, процентсіз, бюджет ақшасын жұмсамай-ақ. Кімге берілетінін ауылдың әкімі ғана таңдайды.ф