«Жастар Рухы» Халықтық штаб жұмысына жұмылды

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб түсіндіру жұмыстарына белсене кірісті, деп хабарлайды 24KZ.

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» қанаты ақпараттық материалдар таратып, тұрғындардың сауалына жауап береді, сөйтіп, халықты референдумға қатысуға шақырады. Мәселен, Шымкент қаласында түсіндіру жұмысына 200-ден астам жас тартылды.

Еске сала кетсек, атом электр стансысы құрылысын дауысқа салатын республикалық референдум 6 қазанда өтеді.

Ақерке Ескендірова, «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы:

- Жас белсенділер дауыс беру күніне, яғни тыныштық күніне дейін жұмысын жалғастырады. Бұл жұмыстар елдің 20 облысында, қалаларда, ауылдар мен аудандарда жүргізіліп жатыр. Біз маңызды ақпаратты әрбір тұрғынға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Жалпы Халықтық штабқа елдің барлық партиялары, бірнеше ұйым және олардың жастары қосылып, халық арасында бірлесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүр.