74 жастағы ақсақал әлемді жаяу шарлап жүр

74 жастағы ұлытаулық қарт әлемді шарлап жүр.


Бұған дейін Еуропаны жаяу аралап шыққан Сәрсенбай Қотырашев қазір моңғол жерінде жетті. Ол бір ай бұрын Өскеменнен Алтай арқылы 2550 шақырымды артқа тастап, Ұланбатырға барған еді.

Қазір ол жерден шығып, Қытайға кетіп барады. Өзінің айтуынша, қыркүйектің соңына қарай Қытай шекерасына табан тірейді. Қазіргі уақытта Ұланбатырдан ары 400 шақырымдай жол жүріп тастаған. Жалпы елден шыққалы 3 мың шақырымды жаяу кезген. Ақсақал жолға жалғыз шыққан. Қажетті дүниесін қоларбаға салып, сүйреп жүреді. Екі жалы бұрын, Қазақстанды жаяу аралап шыққан жиһанкез жер-жаһанды айналып келуге шешім қабылдаған еді. «Мақсатым – көшпенді елдің мәдени мұрасын өскелең ұрпаққа насихаттау», – дейді 74 жастағы марафоншы Сәрсенбай Қотырашев.

Сәрсенбай Қотырашев, жиһанкез:

- Ұланбатырдан 13 қыркүйек күні шықтым. Бүгін міне, жолайрыққа дейін 390 км жүріп тастадым. Шекараға дейін 270 км. Алла қаласа 5-6 күнде жетіп қалармын.