СҚО-да елдегі өнімді өңдеу және экспорттау орталығы құрылады
Бұл туралы Серік Жұманғариннің аймаққа сапары барысында айтылды.
Премьер-Министрдің орынбасары егін жинау науқаны барысымен танысып, «Сиань Ай Цзю» корпорациясының президенті Цзя Хэймен кездесті. Қос тарап елдегі шаруалардың өнімдерін біріктіру мүмкіндігін қарастырды. Бүгінде өңірде 300 тонна ұн шығаратын диірмен кешені мен жылына 300 мың тоннаны құрайтын жем зауыты іске қосылды. Қытай инвесторларының қатысуымен дәнді және майлы дақылдарды өңдеу бойынша ірі кластер салынған. Солтүстік Қазақстан облысы – астық егетін негізгі өңірлердің бірі. Өңірде егіс алқабы 4,4 млн гектар. Мұнда астық өңдеу 19, май өңдеу 6,5, ал ет өңдеу 7% құрайды.