Қостанай облысында жол қауіпсіздігі енді әуеден бақыланады

Ол үшін тәртіп сақшылары арнайы ұшу қондырғыларын қолданып жатыр.

Әсіресе жол апаты жиі болатын республикалық тас жолдарға баса көңіл бөлінген. Екі күн ішінде дрондардың көмегімен қарсы жолаққа шыққан 6 жүргізуші ұсталды. Енді олар жүргізуші куәлігінен алты айға айырылуы мүмкін. Жоба әзірге тәжірибе түрінде сыналып жатыр. Жемісін берсе, онда тағы қосымша дрондар сатып алынады.

Алексей Милюк, облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары: 

- Бұл жобаның жұмыс принципі – оператор осындай қондырғылар арқылы жол ережесін бұзғандарды анықтайды. Бейне түсірілім бірден тәртіп сақшыларына жіберіледі. Содан кейін ғана олар темір тұлпар тізгіндеушілерін әкімшілік жауапкершілікке тартады